$ 498.34  519.72  4.85

Теміртауда терроризм және экстремизммен күрес мәселелері талқыланды

Үшінші қыркүйек күні қаладағы Тұңғыш Президент атындағы тарихи-мәдени орталықта Қарағанды облыстық дін істері басқармасының ұйытқы болуымен өткен семинарда «Халықаралық терроризм мен экстремизм – фарторлары, қауіптері, таралу бағыттары мен қарсы тұрудың ережелі шаралары» тақырыбына арналды, деп хабарлайды Skifnews.kz.

– Бүгінгі таңда халықаралық терроризм мен экстремизм түсініктері біздің күнделікті жағдайдағы түсінігіміз мен мемлекетаралық қатынастарымызға еніп кетті. Өз кезегінде бұл саяси-әлеуметтік, экономикалық теңсіздіктен туындаған әлемдік қауымдастықтың бас ауыртар мәселесіне айналды. Оның болмашы белгілерінің өзі кез келген мемлекет пен қоғам үшін үлкен қауіп тудырады, – деді семинарды ашқан Қарағанды облысы бойынша дін істері басқармасының басшысы Руслан Бейсембаев.

Радикалды діни ағымдардың пайда болуына не түрткі болады? Ал, ең бастысы, олардың «қызметі» қаншалық қауіп тудыруы мүмкін?

«Нұрлы білім» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Рүстем Сыздықовтың пікірінше, әлемдік тәжірибеде экстремизммен, фундаментализммен және радикализммен күресудің кез келген түрі – ол биліктің бір-екі органының ғана шаруасы болмауы керек. Оған мемлекеттің әрбір тұрғыны атсалысуы тиіс. Сондықтан да дін істері басқармасының жұмысы бірінші кезекте тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге бағытталған.  

– Өкінішке қарай, негізгі субъект туралы тек базалық біліммен ғана шектелу өте орасан қиыншылықтарға әкеледі – дейді Рүстем Сыздықов. – Радикалды әрекеттердің негізгі қатысушылары болып табылатын 18-28 жас аралығындағы балалар әскери қақтығыстар болып жатқан Сирия, Ирак сынды елдерге кетіп қалады. Екінші субъект – тіл мамандары, имамдар мен теологтар. Яғни, уаххабшылар сектасына түсіп қалған адамдарға ғылыми тұрғыдан түсініктеме бере алатын тар шеңберлі мамандықтар. Және бұл тек қарсы тұрудың алғашқы кезеңдері ғана. Үшінші субъект – әлеуметтік-саяси жағы: әкімдіктер, ішкі саясат бөлімдері. Ал, төртінші жағы – бұл құқық қорғау органдары, – дейді ол.

Конференцияда тағы бір аталып өткен өзекті жайт, бұл дінтанушылардың жетіспеушілігі. Әсіресе, орыстілді имамдар мен теологтардың жетіспеушілігі өте қауырт жағдайда. Сонымен бірге, өскелең ұрпақты тәрбиелеу ісі де біраз мәселелерді шешуге септігін тигізеді. Оған мысал ретінде теміртаулық бір отбасы 16 жасар қызын әкелгенін мысал етті.

– Бізге кеңсемізге Теміртаудан бір әйел қызын алып келді. Жергілікті колледжде оқып жүргенде қызды бір жыл бойы құрбылары айналдырған. Қыз намазға жығыла бастаған. Артынша, оны Қостанайда, Қазақстан мен Ресей шекарасында тауып алған. Белгілі болғандай, 16 жасар қыз Уфа қаласына, бір Ахиға, яғни «бауырына» күйеуге шығу үшін сапарға шыққан, – дейді Р. Сыздықов.

Конференцияда сондай-ақ, тағы бір қызықты жайт, исламдық ұйымдардың тек билікке қарсы емес, өзара да қырқысып жаитқандығы сөз болды. Бейресми мәліметтерге жүгінсек, осындай соғыстар кезінде 1800-ден астам адам қаза болған.

Бізге Жезқазғандағы, Сәтбаев қаласындағы 50 шақты жас азаматтар белгілі. Мәселен, теміртаулық бір жас жігіт, қызыл дипломға бітірейін деп жүріп соғыс өршіп тұрған жаққа шекара асып кеткен. Жезқазғандық жігіттер болса, «Қазақмыста» жұмыс істеп жүріп, отбасы, екі бірдей жоғары білімі болып, үш тілді меңгерген. Ал: «неге ол жаққа кетесіңдер?» деген сауалға бір ғана жауап қайырады: «мен өлгім келеді».

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары