08.09.2014, 11:53

БҚО-да соңғы екі жылда 445,05 га. аумақта орман өрті тіркелген

Сурет: baq.kz

Батыс Қазақстан облысы  прокуратурасы мен облыстық аумақтық орман және аң аулау инспекциясының, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың қызметінде 2012-2013 және ағымдағы жылдың өткен кезеңіне орман заңнамасының қолданылуына тексеріс жүргізілді, деп хабарлайды Skifnews.kz

Облыс прокуратурасы сайтының хабарлауынша, 2012 ж. және 2013 ж. көшеттердің сақталуы мен өсуі (көктемгі орман көшеттері) 47,4 пайызды ғана құраған. Ал бұл мақсаттар үшін 31,364 млн. теңге жұмсалған. Оған 950 га. орман ағаштары отырғызылыпты.

«Қолайсыз ауа райы жағдайларымен қатар орман ағаштарының аз өсу факторларының бірі орман алқабын аббаттандырмау, орман ағаштарын отырғызу жұмыстарына топырақты сапасыз дайындау және отырғызылған ағаштарға тиісті  күтімнің болмауы болып табылады» делінген хабарламада.  

Тексерілген кезең аралығында облыс аумағында 1497,6 мың теңге залал келтіріліп, 445,05 га. жалпы алаңда 14 орман өрті тіркелген.