16 қыркүйекте Бас прокуратураның Институты ұйымдастырған Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу, Қылмыстық атқару, Әкімшілік құқық бұзушылық кодекстерінің жаңа моделіне көшу мәселелері жөніндегі семинар-кеңес өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Бас прокуратураның баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, отырыста қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу және әкімшілік заңнаманың модернизациялануының маңызды бағыттары жан-жақты талқыланды.
Сонымен бірге, қылмыстық саясат дамуының әлеуметтік-тарихи алғышарттары мен үдерістері, жаңа қылмыстық-құқықтық институттарды құру мәселелері, сотқа дейінгі іс жүргізуді жеңілдету, қылмыстық іс жүргізу практикасына прогрессивті жаңартуларды енгізу мәселелері сөз болды.
Атап айтқанда, процессуалдық прокурор, тергеу судьясы институттарын енгізу, қылмыстық жаза жүйесін қайта қарау мәселелері бойынша талқылаулар өткізілді.
Қатысушылар атап өткендей, заңнамалық жаңартулар адамның құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекет мүддесін қоғамға қауіпті салдарлардан қорғаудың сапалы және жаңа деңгейін қамтамасыз етуге, қылмыстық процесті айтарлықтай жеңілдетіп, жеделдету, ұлттық заңнаманы жалпыға бірдей халықаралық стандарттарға барынша жақындатуға арналған.