$ 444.22  476.38  4.82

Петропавлда Ресейлік азамат гашиш есірткісімен ұсталды

«Благовещенск-Адлер» пойызында 40 жастағы Ресей Федерациясының азаматы гашиш контрабандасы үшін ұсталды, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Көліктегі ІІД баспасөз қызметінің деректерінше, 11 қыркүйек күні Петропавл станциясында «Благовещенск-Адлер» бағытындағы жолаушылар пойызының вагондарының бірінде Петропавл станциясындағы желілік ішкі істер бөлімінің қызметкерлері қызметтік-іздестіру итінің көмегімен 40 жастағы Ресей Федерациясының азаматын ұстады.

«Тексеру барысында оның Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы салмағы 2,67 гр. болатын гашишті Ресей Федерациясына алып өтпекші болғандығы анықталды», делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта күдіктінің үстінен ҚР ҚК-нің 250-бабы 1 б. бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары