$ 494.87  520.65  4.91

Ақтөбелік алаяқ екі адамның 20 млн. теңгеден астам ақшасын алдап алып кеткен

Осы аптаның сейсенбі күні, яғни 16 қыркүйекте кезекші бөлімге екі ер адам шағымданып, 2014 жылғы 08 шілдеде бейтаныс адамның тыйым салынған пәтерді сатып алуға көмек көрсетемін деп алдау жолымен 20 млн. 233 мың 108 теңгесін алып кеткенін айтып шағымданған, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Ақтөбе облысының ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шарасы барысында криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері аталған қылмысты жасады деген күдікпен 32 жастағы қала тұрғынын ұстады.

Қазіргі кезде оның басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

«Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, ҚР ҚК 177-бабы (алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды», делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары