$ 494.87  520.65  4.91

Астанада заңсыз «пайдалы қазба» өндірушілер құрықталды

«Есіл» аудандық прокуратураның мобильдік тобы және аудандық Ішкі істер басқармасы 16 қыркүйек күні «Астаны Орманы» МКК-ның (Тассуат суқоймасы) аумағында 13 арнаулы техниканы пайдалана отырып, сол жерде заңсыз кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру фактісін анықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Оқиға орнын тексеру жүргізу барысында анықталғандай, пайдалы қазбалар өндірісі аумағының тереңдігі 0.5-1 метр, шамамен 228 018 шаршы метрді құрайды.

КПҚ заңсыз өндіру фактісі Астана қаласы «Есіл» аудандық ІІБ тіркелді.

Тергеуге дейінгі тексеру шеңберінде жүргізілген Астана қаласы Экология департаментінің есебіне сәйкес материалдық залал 2 451 193 500 теңгені құрайды.

Осыған байланысты, Есіл аудандық ІІБ 18.09.2014 жылы заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары