Заң 26.04.2017 сағат 07:58

Қарағандыда қызын өртеген ата-анаға сот үкімі шықты

Қарағандыда 2 жасар қыздың өліміне қатысты сот үкімі шықты. Бүлдіршінді өгей әкесі өлтіріп, кейін денесін отқа жағып жіберген. Бұл жайтқа куә болған қыздың анасы ара түспей, жантүршігерлік қылмысты сырттан бақылапты.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Сот әйелді алты жылға бас бостандығынан айырып отыр. Ол жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейтін болады. Ал, ауыр қылмысқа барған ер адам болса алдағы 23 жылын қатаң режимдегі түрмеде өткізбек.

Ерлі-зайыптылардың артында екі баласы қалды. Олардың үлкені - әйелдің бірінші күйеуінен тапқан ұл, кішісі - екеуіне ортақ қыз бала. Қазір кішкентайлардың екеуі де балалар үйіне берілген. Қылмыскер ата-ана болса ата-аналық құқығынан айрылды.

Еске салайық, оқиға 2016 жылдың қаңтар айында орын алған болатын. Аязды күні қонақтан қайтып келе жатқан ерлі зайыптылардың қолында кішкентай нәресте мен 2 жасар қыздары болған. Жетектеуде жүрген сәби жылай берген соң оны өгей әкесі жерге құлатып, кеудесінен мыжғылап өлтіріпті. Мәйітті олар жолдың бойына тастап кеткен. Ертесіне мастықтары тарқаған соң қылмыстың ізін жасыру мақсатында екеуі оқиға орнына қайта келіп, қайтыс болған қыздың денесін үйіне апарып өртеп жіберген.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар