$ 498.34  519.72  4.85

ҚР Білім және ғылым министрінің бұрынғы орынбасары 7 жылға сотталды

Білім және ғылым экс-вице-министрі Саят Шаяхметов 7 жылға бас бостандығынан айырылды, сондай-ақ, оның мүлкі тәркіленді деп жазады Tengrinews.kz сот залынан.

Астананың Алматы аудандық №2 соты Білім және ғылым министрлігінің бұрынғы вице-министріне қатысты істі аяқтады. Саят Шаяхметов төрт жыл бойы тергеуде болған еді. Оған қатысты іс 2014 жылдың жазында басталған болатын. Сол жылдың қазан айында білім және ғылым министрлігінің бұрынғы вице-министріне қатысты іс қайта тергеуге жіберілді.

2013 жылдың 29 сәуірінде қаржы полициясы Өскеменде 700 орындық білім беру мекемесі құрылысы кезінде бюджеттің бір миллиард теңгеден астам қаражатын иемдену және талан-таражға салу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғаған болатын. Күдік бойынша Білім және ғылым вице-министрі Саят Шаяхметов пен "ҚР салынып жатқан білім және ғылым нысандары дирекциясы" ЖШС бас директоры А.Пак ұсталды. Сол жылдың 17 мамырында Шаяхметов соттың санкциясымен үй қамауына алынып, екінші фигурант тұтқындалды. Сонымен қатар, тағы екі адам сотталушылар қатарына қосылған болатын - "ЗАК Сервис" ЖШС қызметкерлері Роман Киреев пен Алексей Тутубалин.

Шаяхметов вице-министр қызметіне 2011 жылдың қазан айында тағайындалған болатын. Өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалған кезде, нақты айтқанда, 2013 жылдың 8 мамырында ол өзге жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары