$ 498.34  519.72  4.85

Астанада 6 жасар қызды педофилден құтқарған жұмысшылардың өздері жауапқа тартылуы мүмкін

3 мамыр күні Астанадағы жаңа темір жол вокзалының маңында 6 жасар қызды зорламақ болған күдікті ер адамды сол маңда жүрген жұмысшылар ұстап алып, полицейлерге тапсырғанын барша БАҚ өкілдері жазды. Енді сол жұмысшылардың өздері де жауапқа тартылуы мүмкін. Бұл туралы ҚР Бас прокурорының орынбасары Андрей Кравченко бүгін Мәжілісте болған отырыста журналистерге айтып берді.

"Бұл істі қазір тексеріп жатырмыз. Бірақ, тексеріп жатырмыз деген олардың үстінен қылмыстық іс қозғалады дегенді білдірмейді. Егер ұсталған азамат олардың үстінен шағым түсірсе, күш қолданғанын айтып, денсаулығына зиян келтіргенін дәлелдесе бәлкім қылмыстық іс қозғалуы мүмкін", - дейді Кравченко.

"Тергеу шаралары Қылмыстық кодекстің аясында ғана жүргізілетін болады. Одан асып ешкім жауапкершілікке тартылмайтынын мен сеніммен айта аламын", - деп сөзін түйді Бас прокурордың орынбасары.

Айта кетейік, 4 мамыр күні қыз зорламақ болған күдіктіні ұстау барысы түсірілген видеороликтер WhatsApp мессенджері арқылы тараған болатын. Онда жұмысшылардың күдіктінің қолын белдікпен байлап, бірнеше рет ұрғаны анық байқалады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары