Алматы облысының қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған сотында 11 жасар мектеп оқушысының өліміне қатысты сот отырысы басталды. Өркен Азаматұлын өзінің өгей шешесі мен өгей бауырлары өлтірді деп айыпталуда. Сондай-ақ, айыпталушылар қатарында тағы екі күдікті бар.
10 мамыр күні күдіктілердің бәрі күзетпен сот залына жеткізілді. Баланың өгей шешесі мен оның өзге сыбайластары судьяның сұрақтарына жауап беріп, өздерін сабырлы ұстады. Сот процесі қазақ тілінде жүріп жатыр.
Еске салайық, 11 жасар Өркен Азаматұлы Алматы мектептерінің бірінде оқитын еді. Ол 19 қаңтар күні із-түссіз жоғалып кеткен. Араға екі күн салып полицейлер оқушының азаппен өлтірілген мәйітін Наурызбай ауданында,ғы саяжайлардың бірінен тапты. АРтынша тәртіп сақшылары қылмысқа қатысы бар деген күдікпен марқұмның өгей шешесін, өгей ағасы мен әпкесін және олардың тағы екі сыбайласын қолға түсірген болатын. Тергеу барысында олар өздеріне тағылған айыптарды мойындады.
Тергеу материалдарынан анықталғандай, Өркеннің өлімін оның өгей шешесі алдын ала жоспарлаған және саяжайды жалға алған. Мектептен шыққан баланы әйелдің алғашқы күйеуінен туған ұлы мен қызы көлікке алдап отырғызып, сол саяжайға алып келіпті. Сол үйде жеткіншекті күдіктілер жабылып өлтірген.