Зыряновск қаласындағы екі оқушы қызды өлтірген Олег Яицкий өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Сотталған ер адам қыздарды ұрлап әкетіп, зорлағаны үшін айыпталған болатын. Бұл туралы Tengrineus.kz хабарлады.
Зырян қаласының 25 жастағы тұрғынына қатысты сот отырысы жабық тәртіпте өтті. Олег Яицкий Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша айыпталды - адам өлтіру, зорлау, кәмелетке толмағандарды ұрлау, қарақшылық және сексуалдық мәндегі зорлық әрекеттер. Айта кетейік, сот отырысы ШҚО-ның қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтті.
"Ер адам баптарға сәйкес, өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, ол мәжбүрлі түрде маскүнемдіктен емделеді. Сот күші әлі заңды күшіне енген жоқ және сот шешіміне шағым түсіруге болады", - деді облыстық соттың баспасөз қызметіндегілер.
Еске сала кетейік, Зырян қаласының жұмыссыз жүрген тұрғыны Олег Яицкий Виктория Тойкенева мен 17 жастағы Ксения Сидоринаны өлтірді деп айыпталған еді.