$ 498.34  519.72  4.85

Қарағандыда экстремизмді насихаттаған екі тұрғын қылмыстық жуапкершілікке тартылған жоқ

Қарағанды қаласының екі тұрғыны экстремистік идеологияны насихаттағаны үшін айыпты деп танылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Қарағанды облыстық Ішкі саясат басқармасының өкілдері хабарлады деп жазады Қазақпарат.

Дәстүрлі емес исламды ұстанатын Қарағандының екі азаматы «Telegram» интернет-мессенджерінде экстремистік материалдарды белсенді түрде таратып, заңсыз миссионерлік қызметпен айналысқан. Қарағанды қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Жекенов пен Дәкенбаевты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР кодексінің 490-бабы 1-тармағы 3-тармақшасы бойынша әкімшілік жауапқа тартты. Жекенов 50 АЕК, ал Дәкенбаев - 70 АЕК көлемінде айыппұл төлейді. Екеуі де өз кінәсін толықтай мойындады.

Ақпан айында Сәтбаев қаласында «Иегова куәгерлері» қауымының өкілдері Жұмкенов мен Исманов заңсыз миссионерлік қызметпен айналысып, діни кітаптарды таратқаны үшін 100 АЕК көлемінде айыппұл төлеу арқылы әкімшілік жауапқа тартылды.

ҚР заңнамасына сәйкес, әлеуметтік желілерде діни радикалдық идеологияны таратуға, сондай-ақ заңсыз миссионерлік қызметпен айналысуға және арнайы діни сараптамадан өтпеген діни кітаптарды таратуға тыйым салынады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары