$ 447.4  477.55  4.76

Ақмола облысында 24 шенеунік қылмыстық топ құрып, жер сатты деп айыпталуда

Билік өкілдері жер қатынастары саласында алаяқтық жасаған болуы мүмкін. Бұл туралы облыстық прокуратураның өкілдері хабарлап отыр.

Күдіктілердің арасында Әділет басқармасының бұрынғы басшысы, ауылдық округтің әкімі, Целиноград аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің мамандары бар. Барлығы 24 адам күдікке ілінген. Жәбірленгендер саны 187 адам.

"Ақмола облыстық прокуратурасы сотқа 88 деректен тұратын қылмыстық істі жолдады. Іс Целиноград аудандық жер қатынастары саласында алаяқтықпен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топқа байланысты", – делінген ведомство өкілдері таратқан ақпаратта.

Прокурорлардың айтуынша, мемлекетке келтірілген шығын 46 миллион теңгеден асады. Ал, жеке адамдарға келтірілген шығын жарты миллиард теңгеден көп.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары