$ 444.22  476.38  4.82

Шарипа Ақбердиева 11 жасар өгей ұлын өлтіргенін сотта мойындады

Алматы облысының аудандық сотында 11 жастағы Өркен Азаматұлын өлтіру ісі бойынша жарыссөздер өткен болатын. Басты күдікті - өлтірілген баланың өгей анасы өз кінәсін толықтай мойындады деп жазады sputniknews.kz.

Болжам бойынша өз балаларының көмегімен өгей ұлын өлтіруді ұйымдастырған бас күдікті бар кінәні толықтай мойнына алып, ондай қылмысқа ненің итермелеген айтып бері. 

Басты себеп қиын отбасылық жағдай болған. Әйелдің сөзіне қарағанда, Өркеннің әкесі 12 жыл бойы оған көмектеспепті және бала тәрбиесіне де көңіл бөлмеген. Оны Шарипаның өзіне асырауға тура келген. Міндеттердің осылай бөлінгеніне қарамастан, ер адам үйден кету туралы шешім қабылдайды. Соңғы сөзінде Шарипа Ақбердиева мен қалған төрт сотталушы Өркеннің туыстарынан кешірім сұрады.

Бас күдікті 25 жылға бас бостандығнан айырылуы мүмкін.  Сотталушылар 5 адам: өлтірілген баланың анасы Шәрипа Ақбердиева, оның балалары — Темір мен Айдана, Темірдің өгей ағасы — Кәдіржан Гүләмов, сонымен бірге Руслан Мүтәлиев. Айта кетейік, Өркен Азаматұлы 19 қаңтар күні сабақтан шығып, үйіне оралмаған. Полицияға баланың жоғалып кеткені туралы оның әжесі арыз жазады. Кейінірек, баланың денесі табылған болатын. Өркенді өлтірді деген күдікке оның өгей шешесі ілініп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары