$ 494.87  520.65  4.91

ОҚО полицейлері арнайы рейд барысына 78 жезөкшені анықтады

Оңтүстікқазақстандық полицейлер «Притон» жедел алдын алу шарасы барысында 21 жеңгетайлық жайтын анықтап, 78 жеңіл жүрісті әйелді есепке алды. Бұл туралы ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

«Ағымдағы жылдың 5-7 шілде аралығында, ОҚО ІІД қызметкерлерімен адам саудасы, жеңгетайлық, притон ұстау, жезөкшелікпен айналысуға тарту және пайдалану мақсатында адам ұрлау және заңсыз бас бостандығынан айыру фактілерін ескерту және анықтау бойынша «Притон» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізді. Нәтижесінде Қазақстан Республикасы ҚК-нің 309-бабы бойынша (жезөкшелікпен айналысуға арналған притон ұстаушы, ұйымдастырушы не жеңгетайлық) – 21 қылмыс анықталып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде», – делінген аталған хабарламада.

Сонымен, рейдтік шара кезінде полицейлер қаладағы сауналардың бірінде тұтынушыларға интимді қызмет көрсету үшін жеңіл жүрісті қыздардан 5 мың теңге көлемінде сыйақы алған аталған орынның әкімшісін анықтады. Бұл жайт бойынша ҚР ҚК 309-бабымен «Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық» қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары ішкі істер органдарының есебіне 78 жеңіл жүрісті әйелді тіркеді. Полицейлер жыл басынан бері жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық бойынша 59 қылмыс тіркеген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары