$ 494.87  520.65  4.91

Қуандық Бишімбаев тағы 1 ай абақтыда отырады

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевты қамауға алу мерзімі 10 тамызға дейін ұзартылды, деп хабарлады Астана қалалық сотының баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Бишімбаевты қамауға алу мерзімі 10 тамызға дейін ұзартылды", — деді агенттікке сұхбат беруші телефон арқылы. 

Айта кетелік, Бишімбаев бірнеше мәрте пара алып, Қызылордада шыны зауытын салу кезінде 1 миллиард теңге жымқырды деген күдікпен 12 қаңдардан бері қамауға алынған. Оған Қызылордада салынып жатқан шыны зауытының қаржысын талан-таражға салған деген айып тағылып отыр. Сондай-ақ, ірі көлемде бірнеше рет пара алды деп те айыпталуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары