$ 446.49  475.38  4.79

Ақтөбеде сотталушы түрмеден қашып, прокурорларға көрген қорлығы жайлы айтып берген

Ақтөбенің соты қоныс колониясының үш қызметкеріне үкім шығарды. Олар сотталушыға қорлық көрсетіп, әбден азаптаған деп жазады Тengrinews.kz.

Бұл туралы Ақтөбе облыстық прокуратурасының аппарат басшысы Дасұлан Дәулембаев мәлімдепті. Тергеу ісінің материалдарына сәйкес, қоныс колониясының үш қызметкері - жедел уәкіл, аға бақылаушы және жедел атқару бөлімі басшысының орынбасары сотталушының аяқ-қолын есікке керіп байлап қойған. Себеп - сотталушы түрме қызметкерлерінің балағат сөздеріне қарсы сөз қайтарған.

Көрген қорлығын прокурорларға айту үшін сотталушы түрмеден қашып шығып, тіке прокуратураға қарай тартыпты. Прокурорларға шағым түсіргеннен кейін іс тергеліп, кеше оған нүкте қойылып отыр. Сот бөлім басшысының орынбасары 3,5 жылға, қалған екеуін үш жылға бас бостандығынан айырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары