$ 498.34  519.72  4.85

Түргенде 8 жасар қызды зорламақ болған педофил 20 жылға сотталды

Алматы облыстық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты 8 жасар қызды зорламақ болған Түрген ауылының тұрғынына үкім шығарды.

Сот Еңбекшіқазақ ауданының 32 жастағы тұрғынын ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы 4-тармағы бойынша айыпты деп тауып, оны 20 жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ, ол өмірінің соңына дейін кішкентай балалармен жұмыс істемейтін болады.

Жазасын ол қатаң режимдегі түзеу колониясында өтейді.

Еске салайық, аталған қылмыстық іс бойынша сот отырысы 21 шілде күні басталған болатын. Ал, қылмыстың өзі биыл 14 сәуірде Түрген ауылының іргесінде орын алды. 32 жастағы жергілікті тұрғын 8 жасар қызды шешіндіріп, зорламақ болған сәтте сол маңайдан өтіп бара жатқан оқушы бала оны үркітіп жіберген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары