$ 449.58  486.94  4.86

Астанада 6 жасар қызды зорламақ болған педофилге сот үкімі шықты

Астана қалалық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында 6 жасар қызты зорламақ болған ер азаматтың үкімі оқылды деп жазады Tengrinews.kz.

Сот төрағасы Әділхан Шайхисламов істі қарап, 48 жастағы Рамай Хафизовты 15 жылға бас бостандығынан айырды.

"Сот Хафизов Рамай Райысұлын ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 4-бөлігі мен 24-бабының 3-бөлігінде қарастырылған қылмыс жасады деп танып, оған 15 жылға бас бостандығынан айыру туралы жаза тағайындайды. Сонымен қатар, ол педагогикалық немесе кәмелетке толмағандармен байланысты қызметке келуге өмір бойына шектелсін", - деп оқыды үкімді судья.

Сонымен қатар, судья оны мәжбүрлі түрде ішімдікке тәуелділіктен емдеу туралы қаулы шығарды. Сотталған ер адам Ақмола облысында тракторшы болып жұмыс істегені белгілі болды, ол Астанада тұрып келген.

Сот отырысы алқа билердің қатысуымен өтті. Отырыстан кейін сотталушының адвокаты Хафизовтың сот шешімімен келіспейтінін және үкімнің үстінен шағым түсіруге ниетті екенін мәлімдеді. "Сот талқылауында ол кінәні мойындамады және ақтап шығаруды сұраған", - дед адвокат Сабина Шәпенова.

Алты жасар қызды зорламақ болды деген күдікті 10 мамырда қамауға алынған еді. Ер адамды полицейлерге кішкентай қызды зорлағалы жатқан жерінен тоқтатқан жұмысшылар тобы ұстап берді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары