$ 498.34  519.72  4.85

Ауыл шаруашылығы министрлігінің тағы бір қызметкері парамен ұсталды (ВИДЕО)

Еліміздің ауылшаруашылық саласын дамытудың орнына жемқорлықпен айналысқан. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының мамандары аталған ведомствоның лауазымды қызметкерін пара алып жатқан жерінен қолға түсірді.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті Экономика, бюджеттік жоспарлау және бухгалтерлік есеп басқармасының басшысы М.К.Мырзатаев 4,3 миллион теңге пара алды деп айыпталуда. Ол мемлекеттік сатып алуға қатысушыларын жеңімпаз деп тану және келісімшарт бойынша жеделдетілген төлем жасау үшін бірнеше рет пара алған көрінеді.

Бұдан бөлек 9 қазан күні 1 млн теңге ақшаны  М.К.Мырзатаев ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің бас сарапшысы Е.Б.Медеубековке мердігерлік ұйымының мүддесі үшін тендер қорытындысын жоюға пара ретінде бергені анық болды. Қазіргі таңда бұл екі қызметкер де қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#видео