$ 498.34  519.72  4.85

Бас прокуратура өкілі елімізде 3,5 мың қылмыстық істің жоғалып кеткенін айтты

Қылмыстық істердің базасын цифрландыруға 11 миллиард теңге қажет. Бұл туралы Бас прокуратура өкілдері Мәжіліс қабырғасында хабарлады деп жазады Хабар-24. Соңғы уақытта 3,5 мың қылмыстық іс жоғалып кеткен. Ал жаңа технологиялар жүйедегі тәртіпті қатаң сақтауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов болашақта қамауда ұстау мерзімін 72 сағаттан 48 сағатқа дейін азайтуды ұсынды. Заң жобасы қабылданса, қылмыстық сот ісі мен құқық қорғау қызметі жаңғыртылады деген жоспар бар.

Естеріңізге сала кетейік, Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқықтық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы таныстырылып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары