$ 446.49  475.38  4.79

Алматыда дәріхана сатушысын азаптап өлтірген күйеуі 15 жылға сотталды

Алматы облысы мамандандырылған ауданаралық сотында "Асыл Арман" ТК фармацевттің өліміне қатысты қылмыс бойынша үкім шығарылды. Жанар Насырованы өзінің күйеуі Азамат Құлымбетов қастандықпен өлтірген. Ақпан айында ер адам өзінің әйелі жұмыс істейтін дәріханаға басып кіріп, 20 жерден пышақ сұққан. Кейінірек әйел адам ауруханада көз жұмған. Олар отбасылық өмірде 12 жыл бірге тұрған. Қайтыс болған әйелдің артында екі баласы қалды.

Сот отырысында қылмыскер көзіне жас алып, қайтыс болған әйелдің туыстарынан кешірім сұрады.

Алқа билер соты сотталушыны ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлімі бойынша айыпты деп танып, оны 15 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Сонымен қатар, сотталушы 5 миллион көлемінде өтемақы төлейді.
Қылмыстың жасалу кезінде түсірілген бейне желіге тарады.

Дереккөз: sputniknews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары