$ 444.22  476.38  4.82

Астанада Қуандық Бишімбаевтың соты басталды

Қуандық Бишімбаев тергеу абақтысынан сотқа жеткізілді деп хабарлайды Tengrinews.kz. Алдын ала тыңдау мамандырылған соттың ең үлкен залында өтіп жатыр. Бишімбаевты қорғауға бірден үш адвокат кіріскен.

Қатысушылар саны көп болғандықтан сот тыңдауы үлкен залда өтіп жатыр. Журналистерге арнайы зал қарастырылған, ол жақтан процесті экраннан көруге болады. Экс-министр видеокамералар мен фотообъективтердің алдында сабырлы көрінді. 

Залда сотталушылардың туыстары мен жақындары және Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әріптестері бар. Алдын ала сот отырысын бұл соттың төрағасы Әділхан Шайхисламлв жүргізеді. Биылғы қаңтардан бастап ұлттық экономика экс-министрі қамауда болды. 

Еске салайық, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының өкілдері ҚР Ұлттық экономика министрлігін басқарған Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын хабарлаған болатын. "Бишімбаев топ болып, алдын ала келісім жасау арқылы аса ірі көлемде бірнеше рет пара алып отырған. Заңсыз алған қаражатты Бишімбаев өз қажетіне жаратқан", - деп хабарлаған еді Антикоррупция қызметінің өкілдері. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары