$ 498.34  519.72  4.85

Қостанай облысында 20 кг көмір ұрлаған әйел сотталып кете жаздады

Қостанай облысы Ұзынкөл аудандық ауруханасынан 20 келі көмірді ұрлаған әйелге кешірім жасалды. Енді ол сотталып, түрмеге қамалмайтын болды. Мұндай ақпаратты Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі таратып отыр.

Белгілі болғандай, тәртіп сақшылары 1 шелек көмір үшін әйелдің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 187-бабы бойынша (бөтеннің мүлкін ұрлау) іс қозғапты.

Тергеу материаландарында көрсетілгендей, 29 қазан күні сағат 13:00-де Ұзынкөл ауданы Ряжское ауылында орналасқан медициналық орталық ғимаратынан күдікті әйел 20 келі көмірді полиэтилен қалтаға салып ұрлап кеткен екен. Салдарынан Ұзынкөл аудандық ауруханасына 180 теңге көлемінде шығын келтірілген.

Іс сотқа өткеннен кейін аурухана басшылары көмір ұрлаған әйелді кешіріп, арыздарын кері қайтарып алыпты. Сондықтан, сот үкімі оқылған жоқ.

«Барып тұрған бассыздық! Қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тартудың айқын көрінісі!», - деп бағалады бұл жағдайды ҚР Бас прокурорының экс-орынбаары Нұрмаханбет Исаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Қостанай