$ 449.58  486.94  4.86

Алматыда пойыз жолаушысы 27 келі есірткімен ұсталды

Алматы-2 теміржол вокзалында 27 келіден астам марихуана алып бара жатқан күдікті ұсталды. Бұл туралы Sn.kz тілшісіне Ішкі істер желілік басқармасы Есірткі бизнесіне қарсы бөлім басшысы Максим Дахов хабарлады.

Күдікті кеше түнде қолға түскен екен.

«Түнгі сағат 11 кезіндегі тексеріс барысында есірткі бизнесіне қарсы күрес және криминалдық полиция тобының қызметкерлері вокзал маңынан күдікті адамды тексерген кезде оның жол сөмкесінен ерекше иісі бар скотчпен оралған полиэтилен пакеттер тапқан. Сот сараптамасының қорытындысына сәйкес, күдікті адамнан тәркіленген зат 27 кг 460 грамм болатын құрғақ марихуана болып шықты. Қазір Жамбыл облысының тұрғынының үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлімі бойынша, яғни аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, заңсыз дайындады және тасымалдады деген күдікпен іс қозғалып, ол уақытша тергеу абақтысына жабылды», - дейді полиция подполковнигі М.Дахов.

Аталған бөлім қызметкерлері биылғы жылдың өткен 10 айында заңсыз есірткі айналымына қатысты 27 құқықбұзушылықты анықтпты. Оның 12-сі жолаушы пойыздарында есірткі заттарын заңсыз тасымалдау және сақтау. Есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысты 20 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары