$ 498.34  519.72  4.85

Шымкенттік мұғалім өзі ашқан би мектебін шенеуніктер тартып алып қойғанын айтты (ВИДЕО)

Шымкент тұрғыны Гүлнұр Есмағанбетова мұғалімдер мен ата-аналардың көмегімен ашқан би мектебін қалалық білім бөлімі тартып алды деп шағымдануда. «Хабар» арнасындағы «Тікелей эфир» бағдарламасының қонағы болған ол қалалық білім бөлімінің басшыларына наразы екенін жеткізді.

2013 жылы Гүлнұр оқуын бітіріп, Шымкент іргесіндегі Жаңаталап елдімекенінде орналасқан №81 мектепке ұйымдастырушы болып жұмысқа тұрған екен. Балаларға билеуді үйретіп, ата-аналардың алғысын да алған екен. Кейін сол ата-налар Жаңаталаптағы ескі емхана ғимаратын әкімдіктен сұратып, би мектебін ашу үшін заңдастырып беріпті.

Гүлнұр тастанды ғимаратты жөндеу үшін он шақты мұғалімнің басын қосып, өздері ақша шығарып, қажетті жұмыстардың бәрін жүргізіпті. Қаражаттың басым бөлігін демеуші ретінде «Шымкент құс» ЖШС-ның басшысы берген. Алайда, жөндеу жұмыстары бітіп, ғимарат іші жиһазға толғаннан кейін білім бөлімінің басшылары мен мектеп директоры ғимаратты кері тартып алған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары