$ 498.34  519.72  4.85

Шымкентте жұртты ЖОО грантын алып беремін деп алдаған алаяқ ұсталды

Шымкент қаласында полиция  қызметкерлері «оқуға түсуге көмектесемін» деп оншақты жәбірленушіні алдаған ОҚО-ның тұрғынын ұстады. Алаяқ өзінің құрбандарына Шымкент қаласындағы оқу орындарының біріне грантқа ауыстырып беруге көмектесетінін айтып, ақша сұраған, деп мәлімдейді Шымкент ҚІІБ баспасөз қызметі.

2017 жылдың қарашасында Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби ПБ-ге 19 жастағы Түлкібас ауданының тұрғыны арызданған. Онда белгісіз студент өзін бір жігіттің басқа оқу орнына грантқа ауыстырып беруге уәде еткенін, 350 мың тенгесін алып, ізін суытқаны туралы арызданған.

Аталған жайт бойынша Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби ПБ-ге СДБТР-ға тіркеліп, ҚР ҚК-нің 190 «Алаяқтық» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Полиция бөліміне осыған ұқсас алаяқтық бойынша облыс орталығының оншақты тұрғыны арызданған.

Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби ПБ-ның қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында 21 жастағы Мақтарал ауданының тұрғынын ұстады. Тергеу барысында күдіктінің 40 алаяқтық жайтқа қатысы бары анықталған. Күдікті ер азамат грантқа ауыстырып беруге көмек көрсететінін айтып, жәбірленушілерінен ақшаны алып, белгісіз бағытта жасырынып отырған. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын көлемі 14 миллион теңгені құрап отыр.

Полиция қызметкерлері 21 жастағы күдікті тарапынан алаяқтықтың құрбаны болған немесе куә болған азаматтарды Шымкент қаласы Әл-Фараби ПБ-ға немесе «102» нөміріне хабарласуларыңызды сұрайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары