$ 498.34  519.72  4.85

«Мені зорламақ болды» деп арыз жазған қыз сотта басқаша «сайрады»

Қарағанды облысының тұрғыны мектеп оқушысын зорлауға оқталды деген айыппен төрт ай уақытша ұстау изоляторында қамауда болған. Сөйтсек, жәбірленуші жеке жақтырмаушылығына байланысты сотталушыға жала жапқан, – деп мәлімдеді Tengrinews.kz тілшісі.

Қылмыстық іс материалдары бойынша, бұл оқиға Ақтау ауылында (Теміртау маңында) биылғы 25 маусымда болған. Сол кезде 15 жастағы қыз шешесімен бірге полицияға барып, ер адамның үстінен зорламақ болды деп арыз жазған. 

 Оқушы қыз тергеушіге құрбысының пәтеріне барғанын, сол жақта түнегенін және бұл үйге соттаулушының да келіп, оны зорламақ болғанын айтқан. 

 "Ол мені ваннаға кіргізіп алып, шешінуімді талап етті. Мен айғайлай бастап едім, мені ұрды. Айғайымды естіген құрбым келді. Ол есікті қағып, дереу ашуын талап етіп, полиция шақыратынын айтты. Сосын ер адам есікті ашты", – деп оқушы қыз куәлік берген. 

Қылмыстық іс Қарағанды облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Сотта оқушы қыз бен оның заңды өкілі куәлігін өзгерткен. Олар түсінбеушілік болғанын және жігіттің қызды зорлағысы келмегенін айтты. Оқушы қыз оған неліктен жала жапқаны жайлы сұраққа бұл іске ұрып-соққаны үшін барғанын айтқан. Сөйтсек, екеуі жанжалдасып қалған екен.

   Сотта жәбірленуші тарап сотталушының қылмыстық жауапкершіліктен босатуды өтінді. Мектеп оқушысы шешесі мен прокурор арқылы сотталушымен татуласып, дау осылайша реттелген. 

 Сот жігітке қатысты қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы шығарды, алайда ер адам бір миллион теңгеден аса сот шығынын өтеуі тиіс.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары