$ 498.34  519.72  4.85

Бостандық ауданында «Медиация туралы» заң қалай жүзеге асып жатыр?

Мемлекет басшысының 5 институционалдық реформасы аясында жасалған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында заң үстемдігіне ерекше көңіл бөлінген. Соның ішінде азаматтық істерді қарауда медиациялық бітімгерлікке ерекше екпін беріледі. Бұл жүйені жетілдіру үшін Парламентте «Медиаци туралы» заң да қабылданды. Енді осы заңды орындау үшін Алматының Бостандық ауданында бірқатар іс-шаралар қолға алынған. Атап айтқанда, кәсіби емес медиаторлар реестірінде тіркелген ауданның медиаторларымен сотқа дейінгі келіспеушіліктерді  реттеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.  Сол белсенді медиаторлардың бірі – Гуров Андрей Владимирович.

ҚР Жоғарғы сотымен 2017 жылдың 26 қаңтарында бекітілген жеке санаттар бойынша сотқа дейінгі реттеудің Пилоттық жобасын іске асыру бағдарламасына сәйкес А. В. Гуровпен қақтығыстар мен өзара келісім бойынша келіспеушіліктерді шешу мақсатында бірқатар рәсімдер өткізілген, атап айтқанда, Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы» Кодексі шегінде үш рәсім өткізіліп, келісімге келген: екі жақтың келісімімен отбасының сақталуы, қалған екеуінде екі жақтың келісімімен қолданыстағы нормативтерге сәйкес балалар құқығы заңдастырылған.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 268, 272 баптарына сәйкес «Алматы жылу желілері» ЖШС-гі алдында жеке тұлғалардың берешек қарыздарын өтеу бойынша қарыз міндеттемесін орындау шағымдары қарастырылған.

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 715 бабына сәйкес несиелік келісімшарт бойынша  екі жақтың келісу рәсімі  жүргізілді. Және де А. В. Гуровпен ҚР Қылмыстық Кодексінің 188 бабы 1 тармағы (ұрлық) бойынша құқықбұзушылық шегінде медиация рәсімі арқылы екі жақтық келісімі шығын орнын толтыру шарасы жасалды. Медиация реті бойынша қолдау хат Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында қылмыстық процесс барысында қаралған.

Оған қоса медиатор  балалар  құқығын қорғау  сұрағы бойынша медиация ретімен сотқа дейінгі іс-шараларды  жүргізеді. Мәселен: баланың тұрғылықты мекен-жайын анықтау, баламен сырласудың ретін анықтау, кәмілеттік жастағы жалпы орта, техникалық, кәсіби, жоғарғы оқу орындарында білім алатын 21 жастағы балаларға күтім жасауға алимент  өңдіріп алу мәселелері. Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 159 бабы 1 тармағына сәйкес келісу комиссиясына міндетті сотқа дейінгі өтініштер қарастырылмайтын еңбек қатынастары саласында мамандандырылуда. Азаматтық құқық қатынастары саласында  шаруашылық субъектілері бойынша келіспеушіліктерді; көршілер арасында жер телімін анықтау мәселесі бойынша туындайтын қақтығыстар мен пәтерді су басу мәселелері; кондоминиумді басқару; несиелік келісім бойынша   қарыз; некенің бұзылуы және меншікті бөлу мен сақтандыру сұрақтары, сонымен қатар медиация қылмыстық істер мәселелерін де  қарастырады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары