Солтүстік Қазақстан облысында Амангелді аудандық округі әкімі міндетін атқарушы Дәурен Шәкенов жұмыс уақытында жаңа қызметін жуамын деп, жұмыстан босатылды деп мәлімдейді МТРК.
Ауыл әкімі жұмыс уақытында жаңа қызметін жуған. Кейін сол бірге көңіл көтерген қызметкерлеріне орманда отырған жерлерін тазалатқан.
Есіл ауданының басшысы Мұратбек Әбішев мемлекеттік қызметкерлер арасында тәртіп сақтау бойынша келеңсіздіктер барын мойындайды. Тіпті, жаңа әкімнің бұған дейінгі ісі арнайы тексерілді.
«Шәкенов 21 қарашада арнайы тексерістен соң жұмыстан босатылды. СҚО ҰҚК департаменті оның қолдан жасалған дипломды пайдаланды деген деректі анықтады. Іс материалдары Есіл аудандық ішкі істер бөліміне жіберілді. Ол құқық қорғау саласында 14 жыл қызмет еткен», – деді ол.
Еске салайық, 2017 жылы 31 тамызында Талапкер ауылының маңындағы орманда ерекше отырыс болған. Онда киіз үй құрып, жұмыс уақытында мемлекеттік қызметкерлері Амангелді ауылдық округінің әкімі тағайндалуын жуып жатқан. Оқиға орнына комиссия аттанып, соңы осындай үлкен дауға ұласқан болатын.