Заң 27.12.2017 сағат 04:53

Мемлекет қаржысын жымқырған ақтөбелік депутат сотталды

Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты, кәсіпкер Бақытжан Ержанов шартты түрде сотталды деп мәлімдейді ҚазАқпарат.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты, кәсіпкер Бақытжан Ержанов Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық», «Құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің, әскери қызметшінің өміріне қолсұғушылық», «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» баптары бойынша айыпталған болатын. Бұған дейін хабарлағанымыздай, депутат өз әйелінің атындағы шаруа қожалығынан асыл тұқымды малды сатып алып, мемлекеттен субсидия рәсімдеген. Сонымен қатар, қоластындағы жұмысшыны ұрып, прокурорға бейәдеп сөздер айтқан. 

Іс материалына сүйенсек, Бақытжан Ержанов Хромтау аудандық прокуратурасының прокуроры Ж. Еспановқа «Жәнібек саған ескертемін, маған жамандық істесең жамандық істеу менің қолымнан да келеді. Маған әлің келмейді» деп өміріне нақты қауіп-қатер төндірген. Бірнеше айға созылған тергеу жұмыстарынан соң іс сотқа жетіп, үкім шықты.

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар