Заң 09.01.2018 сағат 04:37

Жүргізушілерді апатты жағдайға итермелеген Аяз Ата ұсталды (ВИДЕО)

Павлодарда Аяз ата бағдаршамның қызыл түсіне тоқтап тұрған автокөлік иелеріне «жүріңдер» деп пәрмен берген. Бұл туралы мәлімет Instagram әлеуметтік желісіндегі tipavlo парақшасында жазылған.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Облыстық ІІД-нің баспасөз хатшысы Баян Мағзұмованың мәліметінше, Аяз ата киіміндегі әйел адам павлодарлық жүргізушілерді апатты жағдайға итермелеген.

Жергілікті полицейлер ұсталған азаматтан жауап алды. Ол – 72 жастағы әжей болып шықты. Тергеушілер күдіктінің егде жастағы қарт адам болғаны үшін кешіріммен қарап, босатқан.

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар