$ 494.87  520.65  4.91

Әкімшілік құқық бұзғандарға салынатын айыппұл мөлшері төмендетілді

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгертулер енгізілді. Атап айтқанда, әкімшілік құқық бұзушылықтың 40 түрі бойынша салынатын айыппұлдың сомасы азайд деп жазады Елорда инфо.  

Мысалы, егер Қазақстан Республикасының сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес сақтандыру шартын жасасуға міндетті тұлға міндетті сақтандыру шартын жасаспаған болса, онда оған бұрын 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынатын еді. Енді ол 10 АЕК мөлшеріндегі айыппұлға қысқарды.

Бұрын автотұрақтардағы мүгедектерге арналған жерге көлігін заңсыз қойған жүргізушілерге 113 050 теңге айыппұл салынған болса, енді бұдан былай  50 айлық есептік көрсеткіштен 10 АЕК-ке дейін немесе 24 050 теңгеге дейін айыппұл салынады.

Сондай-ақ, бұрынғы ережеде жаяу жүргіншілер мен басқа да жол пайдаланушылардың жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұл мөлшері 5 АЕК (11 375 теңге) айыппұл болса, енді ол 2 АЕК (4810 теңге) айыппұлға төмендеді.

Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған жаяу жүргіншілердің немесе басқа жол пайдаланушылардың жол қозғалысын бұзғаны үшін айыппұл 20 АЕК мөлшерінен 15 АЕК-ке өзгерді.

Сағатына 10-нан 20 шақырымға дейін жылдамдықты арттырғандарға салынатын айыппұл 10 АЕК-ден 5 АЕК-ке дейін қысқартылды. Ал сағатына 20-нан 40 километрге дейін айыппұл 15-тен 10 АЕК-ке дейін, 40-тан жоғары жылдамдыққа айыппұл 30-дан 20 АЕК-ке дейін қысқартылды.

Айта кету керек, егер әкімшілік құқық бұзушылық сертификатталған арнайы құралдармен және автоматты құрылғылармен белгіленсе, онда айыппұлды 50 пайызға төмен мөлшерде төлеуге болады. Алайда, оны тағайындаудан кейін 7 күн ішінде төлеу керек.

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылғы 28 желтоқсанда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары