АҚШ президенті Дональд Трамптан прокурорлар жауап алуы мүмкін. 2016 жылы өткен сайлау нәтижесіне Ресей ықпалына қатысты тергеуді қолға алған арнайы прокуратура президентпен алдағы бірнеше аптада кездесуі мүмкін деп мәлімдейді 31 арна.
Мұндай кездесудің болатынын америкалық сарапшылар мен журналистер көптен бері болжап жүр. Бірақ Ақ үй басшысы өзінің ешкіммен ешқашан келіспегенін, ешқандай қылмысқа қатысы жоғын айтқан. Баспасөз агенттіктері жарыса жазған бұл ақпаратты президенттің адвокаттары теріске шығарды. Керісінше, Трамптың баспасөз қызметі оның келесі сайлауға қатысатынын мәлімдеді. АҚШ-тағы ендігі президент сайлауы 2020 жылы өтеді. Биыл 72 жасқа толатын Дональд Трамп президенттік қызметке 2017 жылдың 20 қаңтарында кіріскен.