$ 494.87  520.65  4.91

Қызылорда облысында 3 ақбөкенді атып алған браконьер ұсталды

Қызылорда облысы Қармақша ауданында рейдтік тексеріс барысында 3 бірдей ақбөкенді атып алған браконьер ұсталды деп мәлімдейді Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі.

10-14 қаңтар аралығында экологиялық қылмыстардың алдын алу мен браконьерлік әрекеттердін жолын кесу мақсатында Қармақшы ауданының аумағында полиция қызметкерлері мен «ОХОТЗООПРОМ» РМҚК қызметкерлерінің бірлескен рейдтік іс-шарасы өткізілді.

– Рейдтік шара кезінде 14 қаңтар күні автокөліктерге тексеру жүргізу барысында Қармақшы ауданы тұрғынының басқаруындағы «Тойота-Ланд-крузер» автокөлігі тоқтатылып, тексеру барысында, автокөліктің артқы жағында қапқа оралған үш ақбөкен табылды, – деп мәлімдейді  Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі.

Бұдан басқа, еш құжаты жоқ 1 дана 12 калибрлі, 1 ұңғылы аңшы мылтығы, 7 дана атылмаған оқ, 1 дана ағаш сапты пышақ тәркіленді.

Бұл факт Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337-бабы 4-бөлігінде СТТБТ-де тіркеліп, тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Дереккөз: Syrboyi.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары