$ 449.58  486.94  4.86

Ерлан Біләл кепілдік ретінде 1 205 000 теңге төледі

М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры Ерлан Біләл кепілдік ретінде ақша төлеп, бостандыққа жіберілді деп жазады Tengrinews.kz.

"2018 жылдың 9 қаңтарында Алматы қаласының Медеу аудандық №2 сотының Тергеу судьясы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театр директорына қатысты бұлтартпау шарасы ретінде кепілге алу туралы шешім шығарды. 1 миллион 250 мың теңге көлемінде кепіл төленді", - деп хабарлады Алматы қалалық сотындағылар.

"Сотқа дейінгі тергеу органдарының мәліметінше, Ерлан Біләл "Сезам" қоғам қайырымдылық-шығармашылық қорының жетекшісінен 2017 жылдың 23 желтоқсанынан 2018 жылдың 7 қаңтары аралығында бірлескен театр қойылымдары жайлы құжатқа қол қойдыру үшін 900 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді", - деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіндегілер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары