Заң 17.01.2018 сағат 18:02

Ерлан Біләлдің ісі сотқа жолданды

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры Ерлан Біләлге қатысты коррупциялық қылмыс бойынша іс сотқа түсті деп мәлімдеді Азаттық тілшісі.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«Алматының Алмалы аудандық сотына «Қылмысқа дайындалу және оқталу» және «Пара алу» бабы бойынша айыпталған Ерлан Біләлге қатысты қылмыстық іс түсті» деді Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.

Бұған дейін сот 9 қаңтарда пара алуға оқталды деген күдіктіге қатысты кепіл қою түрінде бұлтартпау шарасы белгіленгенін хабарлаған.

Ерлан Біләл қаңтардың басында 1,5 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталған. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "кінәсін толық мойындағанына байланысты театр директоры тұтқындалған жоқ. Соталды тергеу жүргізіліп жатыр" деп хабарлаған.

Тергеу дерегінше, Ерлан Біләл «Сезам» қоғамдық қайырымдылық қорының жетекшісінен жаңа жылдық театр қойылымдарын бірге өткізу туралы келісімге қол қою үшін пара алды деген күдікке ілінген.

Істің мән-жайы анықталғанға дейін Ерлан Біләл театр директоры қызметінен шеттетілген.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар