Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты жаңа дерек пайда болды! Экс-министр Қызылордадағы шыны зауытына бөлінген 1 миллиард теңгені жымқырып қана қоймай, ұрлықты бүге-шүгесіне дейін өзі ұйымдастырған болуы мүмкін. Сотта прокурорлар Бишімбаевқа осындай жаңа айыптау қорытындысын оқыды деп мәлімдеді КТК телеарнасы.
Яғни, бұған дейін бұрыңғы Ұлттық экономика министріне «аса ірі көлемде бюджет ақшасын ұрлап», «пара алды» деген айып тағылған еді. Енді «қылмыстың ұйымдастырушысы» деп таналып, тағы бір бап қосылып отыр. Жаңа айыптау қорытындысының бұдан өзге айырмашылығы жоқ. Тек прокурорлар шатылып жатқан 22 адамның қылмыста қандай рөл атқарғандарын қайталап, нақтылап берді. Сондай-ақ, бұған дейін кінәларын мойындаған сегіз айыпталушы, прокурорлармен келісіп, тергеуге көмектесуге ниет білдірді. Арасында «Бәйтерек DEVOLEPMENT-тің» басқарушы директоры болған Дильрух Анарбай мен экс-топ менеджер Садуақас Сапарымбетов бар. Қалғаны кәсіпкерлер. Ал, экс-министр Бишімбаевтың өзі сол күйі кінәсін мойындаған жоқ.