$ 498.34  519.72  4.85

Бас прокуратура Ақорданы көлігімен соққан полицейлер туралы айтып берді

ҚР Бас прокурорының орынбасары Андрей Лукин Ақорданың қақпасын көлігімен соққан полицейлер туралы айтып берді деп жазады Tengrinews.kz.

"Жол көлік оқиғасын жасаған аталған қызметкерлер ішкі істер органдарынан қуылды. Оларды әкімшілік жауапқа тарту құзыры ішкі істер органдарында, алдағы уақытта бұл мәселе де шешімін табады", - деді А.Лукин тілшілердің сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, аталған полицейлер қақпаны соққан кезде сау болған, ешқандай да спирттік ішімдік ішпеген көрінеді. Тек жолдың тайғақ болуы салдарынан осындай жағдайға душар болыпты.

"Олар қазір жұмыстарынан босатылды. Олар екеу болған, екеуі де жап-жас. Әзірге келтірілген шығын көлемі белгісіз. Міндетті түрде жүргізуші куәлігінен ұзақ мерзімге айрылады", - деп сөзін аяқтады Бас прокурордың орынбасары.

Еске салайық, осыдан бірнеше күн бұрын - ҚР Президенті Вашингтонға кеткен кезде Ақорданың қақпасын полицейлер декеменшік көлігімен соққан болатын. Соққының қатты болуынан темір қақпаға айтарлықтай зиян келген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары