Мақтаарал ауданының №2 аудандық сотының судьясы Абай НИЯЗБЕКОВТЫ сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро қызметкерлері Жоғарғы соттың ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімімен бірлесіп ұстаған деп жазады Ratel.kz.
ұл ақпаратты ҚР Жоғарғы сот баспасөз қызметінің басшысы Болат КАЛЬЯНБЕКОВ растады. Ол бұл туралы хабарламаны өзінің Facebook парақшасында жариялады. Бірақ біраз уақыт өткен соң, белгісіз себептермен оны өшіріп тастаған.
Аудандық судья 500 мың тенге көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталып отыр. Жәбірленушінің мүддесін қорғап отырған белгілі заңгер Айгүл ОРЫНБЕКТІҢ айтуынша, Абай Ниязбеков параны күтіп, соттың уақытысын әдейі созып келген.
Айта кетейік, Ниязбеков ОҚО-да құқық қорғау органдарының назарына іліккен алғашқы сот қызметкері емес. Бұған дейін 2017 жылдың 15 қантарында Шымкент қаласында Түркістан қалалық сотының бұрынғы төрағасы Омар СЕРІКБАЕВҚА қатысты үкім шығарылды. Ол жасаған алаяқтығы үшін 3,5 жылға бас бостандығынан айырылып, қылмыстық жолмен тапқан мүлкі тәркіленген болатын.