Ұлттық қауіпсіздік комитеті Оңтүстік Қазақстан облысында діни алауыздық туғызды деген күдікпен 12 адамды ұстады. Бұл туралы ҰҚК-нің облыстық департаменті мәлімдеп отыр.
Ведомство өкілдерінің мәліметінше, күдіктілер экстремистік сипаттағы материалдарды тұрғындар арасында таратқан. Оларды арнайы жасақ Шымкентте жүргізген операция барысында қолға түсіріпті.
"Арнайы операцияны бүгін ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ішкі істер органдары бірігіп жүргізді. Оның барысында діни алауыздық қоздырды деген айыппен 12 адам ұсталды. Олар Түркістан, Арыс, Кентау, Шардара, Созақ және Түлкібас ауданының тұрғындары. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдіктілер экстремистік сипаттағы материалдарды әлеуметтік желіде таратқан", - делінген ҰҚК-нің хабарламасында.
Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Құқық қорғаушылар олардың сыбайластарын да іздестіріп жатыр екен.