$ 494.87  520.65  4.91

Мұғалім өзі сабақ беретін 2 оқушысын жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген

Америкадағы Алабама штатынының бұрынғы мұғалімі Чарли Паркер студенттерді азғыруға құқылымын деп санайды. Оның студенттермен жыныстық қатынасқа түсу үшін күресетінін New York Post жариялады.

31 жастағы әйел бұған дейін де 16 жастағы екі оқушыны жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген деп айыпталды. Оған жауап ретінде, бұрынғы мұғалім сотқа шағымданды. Ол студенттермен жыныстық-қатынасқа тыйым салу туралы заңды негізсіз деп тануды талап етті.

Қолданыстағы заңдарға сәйкес, мұғалімдер 19 жасқа толмаған студенттермен жыныстық қатынасқа түсуге құқылы емес. Алайда басқа маман өкілдері үшін оған тыйым жоқ.

Бұрынғы мұғалім басқа салада жұмыс істейтін адамдармен бірдей құқықта екенін дәлелдегісі келеді.

Оның қорғаушысы 16 жастағы баламен жыныстық қатынасқа түскен жағдайда жазаланады деп ескертіп отыр. Бірақ, бұл заңгерлер мен дәрігерлерге қатысты емес.

Егер әйел студентпен жыныстық қатынасқа түсуге құқылы екенін дәлелдейтін болса, оның 33 жастағы күйеуі де сотта жеңіске жетеді. Өткен жазда ол бұрынғы студентпен жыныстық қатынасқа түскені үшін айыпталған.

Айта кетейік, қаңтар айында Австралия тұрғыны итімен жыныстық қатынасқа барғаны үшін жазаланды. Ол жануарлармен қарым-қатынас жасауға құқылы екенін сотқа дәлелдемек болды. Ер адам өзіне бекітілген жазаны заңсыз дейді. Оның  айтуынша, жануарға зиян келетіндей ештеңе жасамаған.

Дереккөз: Stan.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары