$ 494.87  520.65  4.91

Ерлан Біләлге сот үкімі шықты

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ драма театрының директоры Ерлан Біләлге қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматының Алмалы аудандық сотында ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Біләлге қатысты сот үкімі шығарылды.

"Сот Ерлан Біләлді ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі және 366-бабы бойынша айыпты деп танып, 52 500 000 теңге көлемінде айыппұл салу туралы үкім шығарады", - деп оқыды үкімді судья.

Сондай-ақ, сот Біләлді мемлекеттік қызметтерге орналасу құқығынан өмір бойына айырды. Мұнымен қатар, судья сотталушының "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағынан айыру туралы ұсыныс жолданатынын мәлімдеді. 

Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі және 366-бабының 2-бөлігі "Пара алуға оқталу" бойынша айып тағылды. Сотқа дейінгі тергеу органының мәліметі бойынша, Біләл "Сезам" қоғамдық қайырымдылық шығармашылық қорының президенті Қайрат Баяновтан Әуезов театрының қабырғасында жаңажылдық қойылымдар қою үшін 1,5 миллион теңге пара алмақ болған.

Айта кетейік, Ерлан Біләлдің адвокаты істің БАҚ өкілдерінің қатысуынсыз өтуін сұраған еді. Судья тараптар пікірін тыңдап, аудиожазбаға, суретке және видеоға түсіруге тыйым салды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары