$ 444.22  476.38  4.82

Қостанайлық азамат туыстарының көзінше әйелін өлтіріп тастаған

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі соты 30 жылдан аса уақыт бірге тұрған әйелін өлтірген ер адамға қатысты сот үкімін шығарды.

Бұл оқиға былтыр 23 мамырда шамамен сағат 00.30-да Қостанай ауданы Затобольск ауылында болған.

Іс-материалдарына қарағанда, ер адам әйеліне төрт рет пышақ салған. Сол сәтте айғайдан басқа бөлмеде жатқан баланың оянып кеткені айтылады. Нәтижесінде әйелі оқиға орнында қаза болған. 

Психологиялық-психиатрлық сараптаманың қорытындысы ер адамның психикалық тұрғыдан дені сау емес екенін көрсетті.

"Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ер адамды ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі бойынша айыпты деп таныды. Оның қабілетсіз халде екені анықталды", – делінген облыстық соттың хабарламасында.

Соттың үкімімен ер адам мамандандырылған психиатрлық стационарда ем алуға мәжбүр.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары