$ 443.85  474.3  4.8

Мұғалімдер енді мектепке қарумен келе алады

Флорида штаты парламентінің жоғарғы палатасы Парклендтегі мектепте болған атыстан кейін мұғалімдерге қару ұстауға рұқсат беретін заң жобасын мақұлдады.

Сондай-ақ заң жобасында қару сатып алуға рұқсат етілетін жас мөлшерін 18-ден 21 жасқа дейін көтеру жағы да қарастырылған. Бұған қоса, депутаттар жартылай автомат қарудың ату жылдамдығын арттыратын құрылғыларды сатуға тыйым салды. Ережелерді қатаңдатуды 20 сенатор қолдаса, 18 депутат қарсы болған. 

Бұдан бөлек, заң жобасында мектептерде күзетшілер санын ұлғайту, сондай-ақ кейбір мұғалімдерге қару ұстауға рұқсат беру көзделген. 

Парклендтегі Marjory Stoneman Douglas мектебінде 15 ақпанда атыс болып, салдарынан 17 адам қаза тапқан еді. Оқушыларға бұрын сол мектепте оқыған 19 жастағы бозбала оқ жаудырған.

Дереккөз: Sputnik Қазақстан

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары