$ 442.05  474.14  4.74

Қатыгез ана 9 айлық баласын өлтіріп, қоқысқа тастап кеткен

Волгоград облысының тұрғынына 9 айлық баласын өлтірді деп айып тағылды.

«26 жастағы Фролово тұрғынының үстінен қылмыстық іс қозғалды. Оған өзінің  9 айлық баласын өлтірді деген айып тағылды», — делінген Ресейдегі тергеу комитетінің хабарламасында. 

Ресейлік тергеушілердің айтуынша, күдікті әйел 1 наурызда баласымен Волгоградқа келген. Осы жерде пәтер жалдап, үш күннен кейін сәбиін тұншықтырып өлтіріп, оның мәйітін қоқыс жәшігіне лақтырып, басқа қалаға кетіп қалған. Қазіргі уақытта полицейлер нәрестенің денесін іздестіріп жатыр.

Дереккөз: Qamshy.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары