$ 494.87  520.65  4.91

Сарыағаштағы 7 жасар баланы жабылып зорлау ісін ОҚО ІІД басшысы жеке бақылауына алды

Бұған дейін Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданына қарасты Абай ауылында жоғары сынып оқушыларының 7 жасар баланы үздіксіз зорлап келгені туралы мақала жариялаған болатынбыз. Сорақылығы сол, осынау ауыр қылмыстың болғанын айтып, жәбірленген баланың әжесі мектеп басшылығына да, полицияға да арызданып барыпты. Алайда, қос тарап та қылмысқа көз жұма қарап, істі жылы жауып тастағысы келген екен.

Осынау мақала жарияланысымен бүгін ОҚО бойынша Ішкі істер департаментінің басшылығы аталған жайтқа өзі араласып, істің тергелуін жеке бақылауына алатынын мәлімдеді. Департаменттің баспасөз қызметі хабарлағандай, баланың зорлануына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 121 бабы 4 бөлігімен (Күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып еркек пен еркектің жыныстық қатынасы, әйел мен әйелдің жыныстық қатынасы немесе жәбірленушіге немесе басқа адамдарға жасалған сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер) іс қозғалған. Бұған дейін ауылдың полицейлері тек «денсаулығына орта деңгейлі зақым келтіргені үшін» деген баппен іс қозғаған болатын.

«Қылмыстық істің тергеуіне қатысты қалған мәліметтер тергеу құпиясы болғандықтан, жариялануға жатпайды», - делінген ОҚО ІІД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Еске салайық, осынау жантүршігерлік қылмыс жайында ең алғаш болып жергілікті «С-ИНФОРМ» газеті жазған болатын. Басылым тілшілеріне зәбір көрген баланың әжесі арызданып келген. Кейуананың айтуынша, немересін көрші мектептің жоғары сынып оқушылары жабылып зорлап, бұл әрекеттерін кейін әдетке айналдырыпты. Мұны баланың денсаулығын тексерген дәрігер де растаған.

Әжей шағым айтып мектеп басшыларына да, полицияға да, тіпті прокурорларға да барған екен. Алайда, олардың ешбірі арызды қабылдамай, зейнеткерді құрғақ уәделермен алдап, істі созбалақтап келген көрінеді. Басылымның жазуынша, мектептің директоры жергілікті мәслихат депутатының келіні екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары