Мас әкесі соққыға жыққан 11 жастағы қыздың жағдайы тұрақты. Бұл жайында Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті.
Ведомство мәліметінше, 10 наурыз күні кешкі сағат 21-25-те №2 қалалық балалар ауруханасына анасымен бірге 11 жастағы қыз бала келген.
«Анасының айтуынша, қызды мас әкесі соққыға жыққан. Баланы №2 қалалық балалар ауруханасының нейрохирургі тексеріп, бас миы шайқалу диагнозымен нейрохирургия бөлімшесіне жатқызылды. Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты, стационарлық ем алуын жалғастырып жатыр», — делінген денсаулық сақтау басқармасы таратқан мәліметте.
Дереккөз: ҚазАқпарат