$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда қанішерлер 3 әйелді өлтіріп, ағзаларын кесіп алған

Алматыда үш әйелді өлтірген қанішердің ісіне байланысты сот отырысы басталды. Өткен жылы апалы-сіңлілер мен  жас қыз қылмыскердің құрбаны болған еді. Ер адам оларды қатігездікпен өлтіріп тастаған деп мәлімдейді КТК арнасы.

Ер адам бірден 6 бап бойынша (асқан қатігездікпен өлтіру, адам өлтіруге оқталу) айыпталып жатыр. Сонымен қатар қылмыскерге тағылған айыптаулар қатарында зорлау, сексуалды сипаттағы зорлық әрекеттері бар.

Кеше, 20 наурызда, алдын ала тыңдалым өтті. Негізгі сот отырысы 4 сәуірде өтеді деп белгіленген. Қылмыс асқан қатігездікпен жасалғанына байланысты, сот процесі жабық тәртіпте өтеді.

Еске сала кетейік, Алматыда қанішердің қолынан апалы-сіңлілілердің қаза тапқаны туралы бұған дейін жазған болатынбыз. Оқиға бойынша 34 жастағы ер адамға іздеу жарияланған еді.

Бірі 30, екіншісі 16 жерден пышақталған Людмила Тимофеева мен Ольга Суслина осыдан бес күн бұрын түнжарымнан ауған шақта өз үйінде өлі күйінде табылған болатын. Олардың денесін өртеніп жатқан үйдің ішінен көршілері алып шыққан.

Мұнан кейін апалы-сіңлілерді өлтірген қанішер үшінші адамның көзін жойып үлгергені белгілі болды.

Дереккөз: Stan.kz

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары