$ 494.87  520.65  4.91

Жүрегі мен өкпесін қайнатқан: Сүйіктісіне ренжіген жігіт қызды өлтіріп тастады

Красноярск қаласында 35 жастағы ер адам 27 жастағы сүйіктісін өлтіріп тастап, жүрегі мен өкпесін кәстрөлде қайнатқан деп мәлімдейді облыстық РТК ТБ баспасөз қызметі.  

Ер адам бойжеткенге бірнеше жерінен пышақ жарақатын салып, салдарынан ол оқиға орнында тіл тартпай кеткен. Мұнан кейін ол бойжеткеннің жүрегі мен өкпесін кесіп алған. Мұнан кейін қыздың жүрегін кәстрөлде қайнап жатқан суға салып жіберген.

Ведомствоның мәліметінше, мұнан кейін ер адам жедел жәрдем шақырып, өзіне-өзі қол жұмсамақ болған. Алайда оқиға орнына келген дәрігерлер оны ауруханаға жеткізіпті. Қазіргі уақытта ауданаралық клиникалық аурухананың дәрігерлері ер адамның өмірі үшін күресіп жатыр.

Анықталғандай, ер адамның мұндай сұмдық әрекетке баруына сүйкітісімен арадағы жанжал себеп болыпты. Сонымен қатар ер дам жанжал кезінде мас болған.

Тергеушілер «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Дереккөз: Stan.kz.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары